Қостанай қаласының «Мектеп-бақша-гимназия» мекемесінің барлық жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарында Қазақстан Республикасындағы Нан күніне арналған тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Тәрбиеленушілер бидайдың алтын масағынан бастап, дастарқанға қойылатын хош иісті нанға дейінгі нан өндірудің толық үдерісімен танысып, диқаншылар мен наубайшылардың ауыр еңбегі туралы білді.
Мұндай жұмыс өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Ол балалардың нанға ұлттық байлық әрі көптеген адамдардың орасан зор еңбегінің нәтижесі ретінде ұқыпты қарауын қалыптастырады, сондай-ақ ересектердің еңбегіне құрметпен қараудың негізін қалайды. Осындай сабақтар арқылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар қазақ халқының дәстүрлеріне бой үйретіп, отбасылық және мәдени құндылықтарды бағалауды үйренеді, патриоттық сезімдері мен саналы көзқарастары дамиды.

Во всех возрастных группах учреждения: «Школа-сад-гимназия города Костаная» прошли тематические мероприятия, посвященные Дню хлеба в Республике Казахстан. Воспитанники познакомились с полным процессом создания хлеба — от золотого пшеничного колоска до ароматного каравая на столе, узнали о тяжелом труде земледельцев и пекарей.

Подобная работа играет ключевую роль в воспитании подрастающего поколения. Она формирует у детей бережное отношение к хлебу как к национальному достоянию и результату огромного труда многих людей, а также закладывает основы уважения к труду взрослых. Через такие занятия дошкольники и школьники приобщаются к традициям казахстанского народа, учатся ценить семейные и культурные ценности, развивают патриотизм и осознанность.